"Барселона" командасының бас бапкері Роналд Куман қазан айына дейін қызметінен айырылып қалуы ықтимал. Бұл туралы Deportes Cuatro порталы хабарлады.
Қыркүйек айында каталониялық команда Испания біріншілігінде "Гранада" "Кадис", "Леванте", ал Чемпиондар лигасында "Бенфикаға" қарсы жалпы төрт кездесу өткізеді.
Осы кездесулерде команда жақсы нәтижеге қол жеткізбесе, клубтың президенті Жоан Лапорта бас бапкер Роналд Куманды қызметінен босатуы мүмкін.
Негізі президент бапкерді "Баварияға" қарсы кездесуден кейін орнынан босатқысы келген. Бірақ көмекшілерімен ақылдаса келе, ол маманға бір ай уақыт берген.