"Барселона" Рональд Куманды қызметінен босатты

©skysports.com

58 жастағы Рональд Куман "Барселона" бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Нидерландтық маман каталондықтарды 2020 жылы жаттықтыра бастаған. 2020/21 маусымында "Барселона" Куманның жетекшілігімен Испания кубогын жеңіп алды және ел біріншілігінде үшінші болды.

Биыл 15 ұпай жинаған команда турнир кестесінде тек тоғызыншы. Ал Чемпиондар лигасындағы E тобында үшінші.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар