"Барселона" ресми түрде Хавиді бас бапкер етіп тағайындады

©"Барселона" ФК

Бүгін, 8 қараша күні "Барселона" ресми түрде Хавиді команданың бас бапкері етіп тағайындады. Бұл туралы каталониялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

41 жастағы маманды бүгін "Камп Ноу" стадионында ұжыммен таныстырды. 

Айта кетейік, негізі Хавидің "Аль-Садд" командасымен 2023 жылға дейін келісімшарты болған еді. Бірақ катарлық клуб бапкерді "Барселонаға" жіберуге келісім берді. 

Хави "Барселона" командасының тәлімгері. Ол ұжым сапында 1998 жыл мен 2015 жылдар аралығында өнер көрсетіп, көптеген жүлделерді жеңіп алған. 

Ал Испания чемпионатында "Барселона" 12 турдан кейін 17 ұпай жинап, тоғызыншы орында келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: