Футбол
14 қыркүйек 2021 20:39

"Барселона" Ресей құрамасының футболшысын қатарына қосуы мүмкін

©"Динамо" ФК

"Барселона" 18 жастағы мәскеулік "Динамо" мен Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Арсен Захарянды қатарына қосуы мүмкін. Бұл туралы спорт тілшісі Нобель Арустаян өзінің телеграм-каналында жазды. 

Оның ақпараты бойынша, каталониялық команданың скауттары бірнеше рет Мәскеу қаласына келіп, жартылай қорғаушының өнерін тамашалаған. Футболшы скауттардың көңілінен шыққан. Енді жуық арада келіссөздер басталады екен. 

"Шамамен күзде "Барса" трансфер туралы келіссөзді бастайды. Ол 2022 жылдың жазында болуы мүмкін. Барлығы келіссөзге байланысты. Захарянның өзі биылғы маусымды "Динамо" сапында аяқтағысы келеді", - деп жазды журналист. 

Айта кетейік, бұған дейін Захарянға "Брюгге", "Лейпциг" және Сассуоло" секілді командалар қызығушылық білдірген. Биыл ол "Динамо" сапында жеті кездесу өткізіп, бір гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport