Футбол
22 қазан 16:17

"Барселона" "Реалға" қарсы бас бапкерсіз ойнайтын болды

©"Барселона" ФК

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Фликке қатысты дисквалификация күшінде қалды. Неміс маманы 10-турда өтетін мадридтік «Реалға» қарсы ойынға қатыспайды, деп хабарлайды AS басылымына сілтеме жасаған Vesti.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, Испания корольдік футбол федерациясының (RFEF) тәртіптік комитеті «Барселона» клубы жіберген апелляцияны қабылдамаған.

Ханс-Дитер Флик Ла Лиганың 9-туры аясында «Жиронаға» (2:1) қарсы өткен кездесуде ерсі әрекеті үшін алаңнан қуылған болатын.

"Реал" мен "Барселона" арасындағы "Эль-Класико" 26 қазан күні өтеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Испания чемпионатының турнирлік кестесінде мадридтік «Реал» көш бастап тұр. «Корольдік клуб» екінші орында келе жатқан «Барселонадан» екі ұпайға алда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport