"Барселона" ПСЖ-ға "соғыс" ашады

©twitter.com/FCBarcelona

"Барселона" президенті Жоан Лапорта шабулышы Усман Дембелені сапына қосқалы отырған "Пари Сен-Жерменге" қатты қапалы. 

Cope мәліметінше, Лапорта форвардты командада қалдыруға көндірмек болған, алайда қолынан келмепті. Енді каталондықтар париждіктерге "соғыс" ашпақ, деп хабарлайды инсайдер Елена Кондис. Алайда "соғыс" сөзінің астарында не жатқаны белгісіз. 

Ендігіде "Барселона" Дембелені ұстап қалудың соңғы амалын жасап көрмек - Хави шабуылшымен кездесуді жоспалап отыр, бапкер ойнышының команда үшін қаншалықты маңызды екенін еске салмақ. Дегенмен каталондықтар Дембеленің қала қоятынына өздері де сенбейді. 

Мұның алдында ПСЖ Дембелемен бес жылдық келісімшартқа келіскенін және "Барселонаға" 50 миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуге дайын екені белгілі болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport