Футбол
21 қараша 11:34

"Барселона" президенті Мессидің оралуы жайлы талқыға соңғы нүктені қойды

©Depositphotos.com/thenews2.com

"Барселона" клубының президенті Жоан Лапорта Лионель Мессидің командаға қайта оралуына шынайы негіз жоқ екенін аңғартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Лео Мессидің ойыншы ретінде оралуы - мүлде қиыспайды. Қазіргі уақытта оның "Интер Майами" клубымен келісімшарты бар.

Клуб қазіргі уақыт пен болашаққа бағытталған жобаны құрып жатыр. Бұл - қиын процесс, әрі өткенге байланып қалсақ, алға жылжу да қиын", - деп жазды журналист Фабрицио Романо X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Лапортаның сөзін.

Айта кетейік, аргентиналық футболшы каталондық клубпен 2021 жылдың тамызында қоштасып, кейін мансабын Францияның ПСЖ командасында жалғастырды. Ал 2023 жылдан бері ол МЛС-те "Интер Майами" клубының намысын қорғап келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport