"Барселона" президенті Мессидің командаға қайта келуіне байланысты пікір білдірді

©Football Espana

"Барселона" командасының президенті Жоан Лапорта қазіргі уақытта франциялық "Пари Сен-Жермен" командасында ойнап жүрген Лионель Мессидің каталониялық командаға қайта оралуына байланысты пікір білдірді. 

"Мен Лионель Мессидің "Барселонадағы" саяхаты әлі аяқталған жоқ деп ойлаймын. "Барселона" президенті ретінде Мессидің алдында қарыздар екенімді білемін. Сондықтан мүмкіндік болса мен оны командаға қайта қосуға тырысамын", - деп келтіреді Лапортаның сөзін журналист Фабрицио Романа өзінің твиттер парақшасында. 

Еске салайық, Месси "Барселона" сапында 2000 және 2021 жылдар аралығында болды. Ал өткен жылы ол еркін агент ретінде ПСЖ командасына ауысты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport