"Барселона" президенті коронавирус жұқтырды

©Getty Images

"Барселона" президенті Жоан Лапорта коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп жазады клубтың ресми сайты.

59 жастағы функционердің сейсенбі күні тапсырған тесті оң нәтижесін берген. Осыған орай ол "Барселонаның" ойындарын стадионнан тамашалай алмайды. Қазіргі таңда Жоан Лапортаның денсаулығы бірқалыпты. Дегенмен президенттің бірнеше күн бойы үйінде болатыны белгілі болды.

Еске салайық, 19 турдың қорытындысы бойынша "блауграна" 31 ұпаймен турнир кестесінің бесінші орнына жайғасқан. Ал 46 ұпайы бар "Реал" Ла Лиганың көшін жеке-дара бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: