Футбол
12 наурыз 2021 12:50

"Барселона" президенті 20 жастағы рекордсменге көз тігіп отыр

Сурет: Sportbox

Дортмундтық "Боруссия" шабуылшысы Эрлинг Холанд "Барселонаның" жазғы трансфер кезеңіндегі басты мақсаты болады. Клубтың жаңа президенті Жоан Лапорта норвегиялық форвард пен Лионель Мессидің айналысында команда құрмақ,- деп хабарлайды Eurosport сайты AS порталына сілтеме жасап. 

Лапорта бұл мақсатында Холандтың агенті Мино Райоламен таныстығын пайдаланбақ. Чемпиондар лигасынан шығып қалып, қаржы жоғалтып отырғанына қарамастан Лапорта трансферге ақша боларына сенімді. Клуб қарызын қысқарту үшін облигация шығармақ. 

Лапорта табыс тұрақты болу үшін жеңімпаз команда керегіне сенімді. Холандтан бөлек каталондықтар Давид Алаба, Мемфис Депай және Серхио Агуэроға көз тігіп отыр екен.

20 жастағы Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасының рекордын жасады