Футбол
2 қыркүйек 2021 23:12
 

"Барселона" өзінің жартылай қорғаушысын Зайнутдиновтің командасына ұсынды

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" өзінің жартылай қорғаушысын Зайнутдиновтің командасына ұсынды Сурет "Барселона" сайтынан алынды.

"Барселона" босниялық футболшы Миралем Пьничті әлі де басқа клубқа орналастыруға тырысуда, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

"Барселона" босниялық футболшы Миралем Пьничті әлі де басқа клубқа орналастыруға тырысуда, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Todofichajes.com дерегі бойынша, каталониялық клуб ойыншыны мәскеулік ЦСКА-ға ұсынған. Себебі Ресей біріншілігінде трансферлерді 8 қыркүйекке дейін жасауға болады.  

Бұған қоса, "Барселона" Пьяничті "Фенербахче", "Бешикташ", "Галатасарай", "Зенит", "Спартак", "Локомотив", "Рубин" сияқты клубтарға беруге дайын. Егер жоғарыда аталған клубтардың бірі босниялық футболшыны жалға алуға дайын болса, каталониялықтар тіпті ойыншының жалақысының жартысын төлеп тұруға да келісіп отыр. 

Айта кетейік, ЦСКА сапында өткен жылдан бері Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. Одан бөлек, биыл маусым алдында команданың бапкерлер қатарына қазақстандық Григорий Бабаян қосылды. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!