Футбол
20 наурыз 2022 14:50

"Барселона" ойыншысы команда ауыстыруы мүмкін

©"Барселона" ФК

"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Серхи Роберто мансабын "Атлетико Мадридте" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Diario Sport. Маусым соңында 30 жастағы футболшы еркін агент атануы ықтимал. Оның клубпен келісімшарты аяқталып жатыр, ал "Барселона" жаңа ұсыныс жасаған жоқ.

Бұған дейін "Барселона" президенті Жоан Лапорта испаниялық ойыншымен келісімшартты ұзартуға жақын екенін айтқан болатын. Бірақ одан кейін келіссөздер туралы ешқандай ақпараттар шықпады.

"Атлетико" Робертоны қатарға қосуға дайын. Мадридтік клуб оған келісімшарт ұсынып үлгерген екен.

Қазіргі уақытта испаниялық жартылай қорғаушы жарақатынан емделуде, сол себепті алаңға шықпай жүр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport