"Барселона" Обамеянгқа қатысты "Челсидің" ұсынысынан бас тартты

©FC Barcelona

"Барселона" шабуылшысы Пьер-Эмери Обамеянг осы жазда клубтан кететінге ұқсайды, деп хабарлайды Sport24.

Журналист Тони Хуанмартидің мәліметінше, каталондық клуб "Челсидің" 14 миллион еуро ұсынысынан бас тартты. Испаниялық клуб Обамеянг үшін 20 миллион алғысы келеді. 

Футболшы да "Барсадан" кеткісі жоқ, ол 2022/23 маусымында ойнап, негізгі құрамдағы орынға таласуға ниетті. Mundo Deportivo ақпаратынша, форвард өзін "Барселонадан" өзге жерде елестете алмайды екен. 

Обамеянг "Барселонада" 2022 жылдың қаңтарынан ойнайды, "Арсеналдан" келген ойыншының каталондықтармен келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар