Футбол
19 маусым 13:55

"Барселона" Нико Уильямспен жеке келісімге келді

©

Каталондық клуб Испания ұлттық құрамасы мен  "Атлетик" командасының жартылай қорғаушысы Нико Уильямсты қатарына қосатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлағандай, футболшы мен клуб жеке келісімге келген. Қос тарап 2031 жылдың жазына дейін жарамды шартқа қол қояды. 

Нико бір маусымда 7-8 миллион еуро еңбекақы алатын болады. 

Қазіргі таңда "блауграна" бильбаолық клубпен қаржылық келісімдерді нақтылап жатыр. 

Айта кетейік, кеше "Барселона" қатарына қақпашы Жоан Гарсияны қосқан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport