"Барселона" Неймардың трансфері бойынша ұсыныс дайындады

© ua-football.com
Каталондық "Барселона" бразилиялық шабуылшы Неймарды "Пари Сен-Жерменнен" қайтаруға әлі де ниетті.

RMC Sport мәліметінше, каталондықтар 27 жастағы форвардтың трансфері бойынша келіссөздерді жылдамдатқан. 

"Барселона" келесі аптада ресми мәлімдеме жасайды деп күтілуде. Каталондықтар Неймар үшін айтарлықтай қаржы беріп, жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньоны келісімшартқа қосуға дайын. Ал париждіктер "Барселона" ойыншысымен ауысу жайлы келіссөз өткізген. 

Неймарға қызығып отырған тағы бір клуб "Реал". Мадридтіктер бразилиялық ойыншыға 200 миллион еуроға келісімшарт ұсынған.

Неймар "Барселона" сапында 2013 пен 2017 жылдар аралығы ойнап, кейін ПСЖ сапына рекордты 222 миллион еуроға өтті.  Өткен маусымда форвард клубтық деңгейдегі барлық турнирдің 28 матчінде 23 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Футболшының ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Жаңалықтар