"Барселона" Неймардың оралуына қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Readfootball.com
"Барселона" президентінің кеңесшісі Карлес Решак қазір "Пари Сен-Жермен" командасында өнер көрсетіп жүрген Неймардың каталондық клубқа оралу мүмкінідігін бағамдады.

"Қазіргі жағдайды сараптай келе, меніңше, Неймардың оралуы мүмкін емес. "Барселона" ол үшін қандай маңызды болғанын түсінген шығар. Егер ол мұнда гол салса, бұл әлемге әйгілі болатын және бұл туралы тағы бірнеше рет айтылатын. Ал Парижде оның голдары азырақ көзге түседі", - деп береді Решактың сөзін COPE.