"Барселона" Неймарды 80 миллион еуроға бағалады
Каталониялық "Барселона" биыл жазда "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймарды сатып алуға тырысқан, деп хабарлайды Le10sport.
Каталониялық "Барселона" биыл жазда "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Неймарды сатып алуға тырысқан, деп хабарлайды Le10sport.
Дереккөздің ақпараты бойынша, испаниялық клуб бразилиялық шабуылшы үшін 80 миллион еуро ұсынған. Бірақ париждік команда бұл ұсыныстан бас тартқан.
Неймар "Барселонадан" ПСЖ сапында 2017 жылы 222 миллион еуроға ауысқан болатын. Бұл әлем футболы тарихындағы рекордтық трансфер болды. Оның ПСЖ командасымен қазіргі келісімшарты 2022 жылдың жазында аяқталады.
Франция чемпионатының өткен маусымында Неймар 18 ойынға қатысып, тоғыз гол соғып,бес нәтижелі пас берген. Сонымен қатар ол бір рет алаңнан қуылды. Биылғы маусымда бразилиялық бір ойынға қатысты.
Жарнама