"Барселона" - "МЮ" матчінде Еуропа лигасының рекорды тіркелді

©Sport.es

Еуропа лигасындағы "Барселона" - "Манчестер Юнайтед" мачтінде турнирдің жаңа рекорды тіркелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ноу Камп" стадионында өткен ойында жеңімпаз анықталмады - 2:2.

Бұл матчті тамашалауға 90 225 адам келіпті. Бұл Еуропа лигасының жаңа рекорды, осы жолы көрермендер саны бұрынғы рекордқа қарағанда он мың адамға көп екен. 

2017 жылы 23 ақпанда 1/8 финалдағы англиялық "Тоттенхэм" мен белгиялық "Гент" арасындағы матчті тамашалауға Лондондағы "Уэмбли" стадионына 80 465 жанкүйер жиналыпты. 

"МЮ" мен "Барселона" арасындағы қарымта ойын 23 ақпанда өтетінін айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport