"Барселона" басшылығы "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Мессиді командаға қайта шақырмайды. Бұл туралы Р-Спорт басылымы мәлімдеді.
"Месси мен оның айналасындағылырдан "Берселонаға" қайтып келуі туралы ұсыныс болмады. Қазіргі таңда біз оның клубқа қайтып келуі туралы мәселені қарастырып жатқан жоқпыз. Әрине Месси әлемдегі ең мықты ойыншы. Алайда біз жас ойыншылардан құралған жаңа команда жасақтап жатырмыз", - деді Лапорта.
Еске салайық, Лионель Месси өткен жылы париждік клубқа ауысты. 34 жастағы форвард Франция чемпионатында "ПСЖ" сапында 18 матчта екі гол соқты.