"Барселона" аргентиналық шабуылшыға миллиондаған қарызын қайтарады, деп жазады Vesti.kz тілшісі Чемпионат басылымына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай каталондықтар Мессиге 52 млн еуро қарыз. Жуырда ПСЖ жейдесін киген әлемнің ең үздік ойыншыларының бірі "Барселонаның" келесі жылға дейін қарызын қайтаруына келісімін берген.
Еске салайық, Лионель Месси париждіктермен 2+1 келісім-шарты бойынша 30 нөмірмен өнер көрсететін болады.