"Барселона" Мессидің орнын басатын форвардты тапты

Сурет: FootBoom

"Барселона" сапына жаңа шабуылшы қосуы мүмкін, деп хабарлайды Eurosport сайты Diario Sport басылымына сілтеме жасап.

Жаңа ойыншы "Севильядағы" Люк де Йонг болуы ықтимал. Каталондық клубтың бас бапкері Рональд Куман - Люктің ойынын ұнатады және команда шабуылын күшейткісі келеді. 

"Барселона" аргентиналық Лионель Мессимен келісімшартты ұзарта алмай, шабуылшы ПСЖ сапына ауысқан еді.

Куман жаттықтыратын команда Ла Лиганы "Реал Сосьедадты" (4:2) ұтумен бастап, кейін бильбаолық "Атлетикомен" тең ойнады (1:1).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport