"Барселона" Мессиді командаға келесі жылы қайтарып алмақ

25 қыркүйек 2022 18:30
©UEFA

"Барселона" басшылары келесі жазда ПСЖ шабуылшысы Лионель Мессиді қайтарып алмақшы, деп хабарлайды Mundo Deportivo порталы. 

Қазіргі уақытта "Барселона" командасының басшылары аргентиналықты қайтарып алу үшін түрлі жоспарды қарастыруда. Месси қайтып келсе, клуб "Камп Ноуда" арнайы сый құрмет жасап, оған команданың амбассадор міндетін беруге де дайын. 

Басылымның мәліметінше, каталониялық команда Леоны 2023 жылы, шабуылшының ПСЖ командасымен келісімшарты аяқталғанда қайтармақшы екен. 

Бұл идеяны "Барселонаның" бас бапкері Хави де қолдап отыр. 

Биыл 35 жастағы шабуылшы ПСЖ сапында 11 кездесуге қатысып, алты гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар