"Манчестер Сити" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Серхио Агуэро карьерасын "Барселонада" жалғастыруы мүмкін,- деп хабарлайды Cadena Ser.
Мәлімет бойынша, "Барселона" президенттігіне үміткер бірден бірнеше тұлға аргентиналық футболшының айналасындағылармен байланысқа шыққан көрінеді. Агуэроның "Ситимен" келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымында аяқталады, сондықтан, ол каталондық командаға тегін қосылуы мүмкін.
Сонымен қоса, Агуэроның "Барселонаға" ауысуы Лионель Мессидің клубта қалуына әсер етуі мүмкін. Еске салайық, Агуэро мен Месси көптен бері дос.
Мессидің "Барселонамен" келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Өкен жазда аргентиналық шабуылшы клубтан кетпек болған еді.