"Барселона" Месси кетісімен "Ювентусті" ойсырата ұтты

Сурет: "Барселона" ФК

"Барселона" Жоан Гампер кубогы үшін "Ювентуспен" жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Каталония астанасында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Испаниялықтар сапынан Мемфис Депай (3-ші минут), Мартин Брейтуэйт (57) және Рикард Пуч (90+2) гол салды. 

Бұл "Барселонаның" Лионель Месси кеткеннен кейінгі бірінші ойыны болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport