auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Барселона" мен "Ювентус" даму стратегиясын жазған маман қазақ футболының көсегесін көгертпек

"Барселона" мен "Ювентус" даму стратегиясын жазған маман қазақ футболының көсегесін көгертпек
Марио Лео. Сурет: https://www.facebook.com/Mario.Leo.RESULT/photos

КФФ Президенті Әділбек Жақсыбеков қазіргі Қазақстан футболын дамыту стратегиясын жаңарту туралы бастама көтерді. Жаңартылған бағдарламаны дайындау үшін футбол медиа-индустриясы, зерттеу және стратегия саласындағы сарапшылар тобының көшбасшысы саналатын Result Sports компаниясының бас директоры Марио Лео шақырылды деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі КФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Марио Лео дүние жүзі бойынша 60-тан астам футбол клубы мен ұлттық қауымдастықтарға кеңес береді. Олардың арасында «Боруссия Дортмунд», «Барселона», «Ювентус» клубтары бар және Еуропа елдерінің футбол дамыту туралы 14 стратегиясын жазып шыққан. 

– Стратегияның жаңартылған нұсқасын әзірлеу үшін Қазақстанда кешенді зерттеу жұмыстары басталды. Оның ішінде жас ерекшеліктері және аймақтар бойынша футболмен шұғылданатындар, инфрақұрылымның сапасы, қазақ футболының экономикалық бөлігі, демеушілер мен инвесторлардың қызығушылығы сынды маңызды аспектілер қамтылған. Сонымен қатар, елдегі жарыс жүйелеріне баға беріледі, - дейді Марио Лео.

 Сондай-ақ ол: "Сараптама жүргізіліп, қорытынды шығарылған соң келесі кезеңге көшеміз. Ол – стратегияны әзірлеу. Мақсат-міндеттері және даму жолдарын айқындау. Алдағы үш жылда көрсетілген бағыттарды шешіп, дамыту шарт. Содан кейін шешуші кезең – бағдарламалар мен жобалар. Бұл кезеңде жүзеге асыратын 12 жоба қолға алынады. Үш жыл ішінде одан артық жобаларды сапалы жүргізу мүлдем мүмкін емес" - дейді. 

Маманның сөзінше жаңартылған стратегияны жүзеге асыру 2022 жылдан басталады. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама