"Барселона" мен "Реал" ойынын тамашалаған балалардың әсері Желіні жарды
"Барселона" қорғаушысы Томас Вермаленаның ұлдары "Реалмен" өткен ойынды тамашалауы әсері Желіні жарды, - деп хабарлайды Metro.
"Барселона" қорғаушысы Томас Вермаленаның ұлдары "Реалмен" өткен ойынды тамашалауы әсері Желіні жарды, - деп хабарлайды Metro.
Белгиялық футболшының жары Полли Парсонс Instagram желісіндегі парақшасында үш ұлының теледидардағы әкелерінің суретін көргендегі әсерін жариялады. Бұл жағдай "Реалмен" өткен ойында негізгі құрамды таныстыру кезінде болған. Балалар өз әкелерінің суреті пайда болғанға дейін тыныш отырған, алайда суретті көре сала олар айғайлап, саусақтарымен нұсқай бастады. Аз уақыттың ішінде осы ролик вирусқа айналды.
Vesti.kz мәліметінше, Вермалена 2017/18 маусымында сегіз ойын өткізіп, бірде-бір нәтижелі пас шығармаған. Соңғы үш жылда ол жарақатына байланысты 87 ойынға қатыса алмаған. 23 желтоқсанда өткен эль-классико 3:0 есебімен каталондықтардың пайдасына шешілді.
Жарнама