"Барселона" мен "Бавария" матчіне тікелей трансляция

©footboom.com

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының орталық матчінде "Барселона" мен "Бавария" кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бүгін, түнде 99 мың жанкүйер сиятын "Камп Ноу" стадионында "каталондықтар" Германияның алыбы – "Баварияны" қабылдайды.  

С тобында 12 ұпай еншілеген мюнхендіктер плей-офф раундына жолдама алып қойса, "Интер" (7 ұпай) мен "Барселона" (4 ұпай) екінші орынға талас жүргізуде. Ал Чехияның "Викториясы" (0 ұпай) топтық кезеңге шыққанының өзін жетістікке балап отыр.

5-турдағы орталық ойында "Барселона" жеңіске жетіп және "Интер" өз алаңында "Викториямен" тең түскен жағдайда испаниялықтарда Чемпиондар лигасындағы жарысын жалғастыруға мүмкіндігі пайда болады.

Тартысты ойынды Астана уақытымен 1.00-ден бастап Қазақстан ұлттық арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport