"Барселона" Мбаппе мен Холандты сатып алмайтын болды

©Reuters

Каталониялық "Барселона" ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе мен дортмундтық "Боруссия" шабуылшысы Эрлинг Холандты сатып алмайтын болды. Бұл туралы "Чемпионат" хабарлады. 

"Барселона" ПСЖ мен "Боруссия" талап етіп отырған ақшаны бермейді. Ешқашан. Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холанд біздің командамен келісімшарт жасамайды", - деді Жоан Лапорта испаниялық тілшілерге берген сұқбатында. 

Еске салайық, бұған дейін "Барселонаның" президенті Лионель Мессиді қайтарып алмайтынын мәлімдеген болатын. 

Айта кетейік, "Барселона" Испания чемпионатының 28-турынан кейін үшінші орында келеді. Команданың еншісінде 54 ұпай бар. Ал көш басында 66 ұпай жинаған "Реал" тұрса, 57 ұпайы бар "Севилья" екінші сатыда. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport