"Барселона" Еуропа лигасы 1/8 финалында "Галатасараймен" тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Барселонадағы кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Қарымта матч 17 наурыз Ыстамбұлда өтеді.
БАҚ өкілдері "Барсаның" тең түскен бұл ойынын Еуропа лигасындағы басты сенсация деп атады. Испаниялық клуб жеңеді дегенге коэффициент 1,16, тең түседі дегенге - тоғыз, ал "Галатасарай" ұтады дегенге тіптен 18 болған.