"Барселона" клубы "Галатасарай" шабуылшысы Виктор Осимхен трансферін қарастыруда. Бұл шешім "Атлетико Мадрид" форварды Хулиан Альварес трансфері жүзеге аспаған жағдайда қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Mundo Deportivo мәліметінше, Альварес «Барселона» үшін әлі де басты мақсат болып отыр. Алайда оның "Арсенал" клубына ауысуы мүмкін деген қауесеттер каталондық клуб басшылығын балама нұсқаларды қарастыруға итермелеуде.
"Барселона" үшін негізгі мәселе – Осимхеннің мінезі. Ол бұған дейін "Наполи" сапында өнер көрсеткен кезде белгілі бір қиындықтар туғызған. Соған қарамастан, бас бапкер Ханс-Дитер Фликтің қатаң тәртібі шабуылшының тәртібіне оң әсер етуі мүмкін деп саналады. Осимхеннің "Барселонаға" ауысуы Альварестің шешіміне тікелей байланысты болмақ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нигериялық футболшы 2025 жылдың жазында "Галатасарайға" 75 миллион еуроға ауысқан. Биылғы маусымда ол 29 матч өткізіп, 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Оның түрік клубымен келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды, ал Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 75 миллион еуро деп бағалап отыр.
Жарнама