Роберт Левандовскидің «Барселонадағы» болашағы футболшының өз шешіміне байланысты болып тұр екен, деп хабарлайды Vesti.kz.
Каталондық клуб польшалық шабуылшымен қоштасуға асықпайды, алайда, оның командада қалуы үшін нақты шарттар қойды.
Sport.es мәліметінше, «Барселона» Левандовскиді келесі маусымда сақтап қалуға дайын, егер ол өзінің рөлін қайта қарауға келіссе. Клуб басшылығы Рорберттің жасы мен құрамның жаңаруын ескере отырып, шабуылшы негізгі құрамдағы бұлжымас ойыншы мәртебесінен бас тартуы тиіс деп санайды. Яғни, Левандовскиден алаңдағы рөлін икемдірек форматқа көшіру талап етіледі.
Ең өзекті сұрақ - қаржылық жағдай. Қазіргі таңда польшалық форвардының айлығы клубқа шамамен 26 миллион еуроға түсіп отыр, бұл «Барселонаның» еңбекаұы қоры үшін айтарлықтай ауыр салмақ.
Егер Левандовски командадағы рөлінің өзгеруіне келіссе, оның келісімшарты да соған сай болуы керек. Нақтырақ айтқанда, клуб айлықты екі есеге жуық қысқартуды ұсынып отыр. Алайда дәл осы тармақ негізгі келіспеушілікке айналуда - футболшының өкілдері мұндай шарттарға әзірге келісе қоймаған.
Роберт Левандовски «Барселона» сапына 2022 жылдың жазында қосылды және осы уақыт ішінде команданың басты тұлғаларының біріне айналды. Каталондық клубпен бірге ол: 2023 жылы Испания чемпионатын және Суперкубокты жеңіп алды; Ла Лиганың үздік сұрмергені атанды; клуб тарихындағы бірқатар рекордты жаңартты, соның ішінде: хет-трик жасаған ең жасы үлкен ойыншы, «Барселона» сапында 100 гол межесін бағындырған футболшы атанды.