Жарнама

Футбол
Бүгін 11:58
 

"Барселона" Левандовскидің орнына 19 жастағы шабулшыны таңдады

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" Левандовскидің орнына 19 жастағы шабулшыны таңдады ©Depositphotos/mrogowski_photography

"Барселона" леверкузендік "Байердің" 19 жастағы шабуылшысы Кристиан Кофанені Роберт Левандовскидің орнын басатын басты кандидат ретінде таңдап, трансфер бойынша алғашқы қадам жасады, деп хабарлайды Fichajes.net.

blog.share

"Барселона" леверкузендік "Байердің" 19 жастағы шабуылшысы Кристиан Кофанені Роберт Левандовскидің орнын басатын басты кандидат ретінде таңдап, трансфер бойынша алғашқы қадам жасады, деп хабарлайды Fichajes.net.

Бағаның күрт өсуі: "Байер" болашағы зор шабуылшыны испаниялық "Альбасете" клубынан небәрі 5,25 миллион еуроға сатып алған. Оның жарқын ойынының арқасында футболшының нарықтық құны 40 миллион еуроға дейін өсті.

Клуб ойыншымен оңай қоштасқысы келмейді, алайда шамамен 40 миллион еуро көлемінде ұсыныс түссе, келіссөз жүргізуге дайын.

Каталониялық клуб Кофанені өз жүйесіне сай орталық шабуылшы деп есептейді — ол жылдам, гол соға алады және айып алаңы сыртында да әріптестеріне пас беріп, ойынға араласа алады.

Қаржылық қиындықтарға қарамастан, "Барселона" ойыншының бағасы одан әрі өсіп кетпей тұрғанда, оны ертерек қатарға қосуға ниетті.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!