Каталондық "Барселона" футболшылары Испания Ла Лигасының 12-турында сырт алаңда "Сельтаны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Виго қаласындағы "Балаидос" стадионында өтіп, қонақтардың пайдасына 4:2 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Роберт Левандовски хет-трик жасады (10-минут, пенальтиден, 37 және 73-минут), сондай-ақ, Ламин Ямаль (45+4 минут) бір гол соқты. Ал ұтылған командадан Серхио Каррейра (11-минут) мен Борха Иглесиас (43-минут) көзге түсті.
Сонымен қатар, каталондықтар сапындағы Френки де Йонг 90+4 минутта қызыл қағаз алды.
"Барселона" 28 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал "Сельта" 13 ұпаймен 14-орында орналасқан.
"Сельта" келесі турда "Алавеске" қонаққа барады, ал "Барселона" болса "Атлетикпен" өз алаңында ойнайды. Матчтар 22 қараша күні өтеді.