"Барселона" Ла Лигада бірінші орынға шығу мүмкіндігінен айрылып қалды

Сурет: Reuters

"Барселона" футболдан Испания чемпионатының 36-шы турындағы "Левантемен" матчте ұпай жоғалтты. Осылайша, турнир кестесінде бірінші орынға шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Валенсияда өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталды. 

Каталондық команда сапынан Лионель Месси (25-ші минут), Педри (34) және Усман Дембеле (64) гол салды. Ал алаң иелерінен Гонсало Мелеро (57), Хосе Луис Моралес (59) және Серхио Леон (83-ші минутта) көзге түсті.

76 ұпай жинаған "Барселона" үшіні орыннан тек екіншіге көтерілді. Ал "Леванте" 40 баллмен 20 команда арасында 13-ші болды. Каталондық команданың чемпиондық титулға бәсекелестері "Атлетико" мен "Реал" 36-шы тур ойындарын әлі ойнаған жоқ. 

16 мамырдағы келесі турда "Барселона" өз алаңында "Сельтамен", ал "Леванте" сыртта "Хетафемен" ойнайды.

Жаңалықтар