Каталондық "Барселона" Испания чемпионатының 13-туры аясында өз алаңында "Вильярреалмен" матчта сирек кездесетін антирекорд тіркеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Opta статистикалық порталының мәліметінше, "көк-анарлылар" кездесудің жетінші минутына дейін қақпасына екі гол жіберіп алды. Бесінші минутта Тейджон Бьюкенен есеп ашса (04:02), жетінші минутта Тани Олувасейи қонақтардың басымдығын еселей түсті (06:10).
"Барселона" Ла Лига матчында өз қақпасына жетінші минутқа дейін екі голды соңғы рет 1981 жылдың қарашасында өткізген болатын. Сол кезде каталондықтар "Сарагосамен" кездесуде осындай жағдайға тап болған еді.
Сәтсіз басталғанына және Ламин Ямальдың 23-минутта пенальтиді пайдалана алмағанына қарамастан, каталондықтар екінші таймда ойын барысын өзгертіп, 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.
Осы жеңістің арқасында Ханси Фликтің шәкірттері ұпай санын 36-ға жеткізіп, турнирлік кестедегі жеке көшбасшылығын сақтап қалды. Ал "Вильярреал" 15 ұпаймен оныншы орында тұр.
Ла Лиганың келесі турында "Барселона" сырт алаңда "Депортивомен", ал "Вильярреал" қонақта "Сельтамен" кездеседі. Екі матч та 29 қарашада өтеді.