"Барселона" Ла Лига рекордын жаңартты

©"Барселона" ФК

"Барселона" қақпасына гол өткізбеген матчтер бойынша Испания чемпионатының рекордын орнатты, деп хабарлайды OptaJose.

Каталондық команда Ла Лиганың 22-турындағы 17 ойында қақпасына гол салғызбапты. Осылайша, команда 1993/94 маусымында 16 матчта қақпасына гол өткізбеген "Депортиво" клубынан асып түсті. 

"Барселона" 22-турда "Кадис" клубын 2:0 есебімен ұтқанын айта кетейік. Хави жаттықтыратын команда 59 ұпаймен Ла Лиганың көшін бастап келеді, екінші орында "Реал". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport