"Барселона" қыста Пике және тағы бірнеше футболшысын сатады

©FOOTBALLLIVE.NG

"Барселона" қысқы трансфер кезінде бірнеше футболшысын сатады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Клуб Жерар Пике, Жорди Альба және Френки де Йонгты сатады. Мұндай шешімді команда басшылары жалақы шығынын азайту үшін қабылдап отыр. Себебі "Барселона" ЧЛ плей-офф кезеңіне шықпаса, табысының біраз бөлігінен айырылады. 

Команда бірінші кезекте Пике мен Альбаны сатпақшы. Өйткені бұл екі футболшы жоғары жалақы алады. Бірақ екеуі де негізгі құрамдағы орнынан айырылған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: