"Барселона" қысқы трансфер бойынша мақсатын айқындап алды

7 желтоқсан 2020 14:43
Рональд Куман және Месси. Сурет: Football.ua

Каталондық "Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман қысқы трансферлік кезеңде команданы күшейту бойынша клуб басшылығымен келіссөз өткізді,- деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" порталы Diario Sport басылымына слтеме жасап.

Мәлімет бойынша, нидерландтық маман қиындық тудырып тұрған екі мәселені көтерді - ортадағы қорғаушы мен әмбебап шабуылшы. Клуб скауттары осындай ойыншыларды іздеуге кірісіп те кеткен екен.

Мұның алдында каталондықтар "Манчестер Сити" қорғаушысы Эрик Гарсия және "Лион" шабуылшысы Мемфис Депайды алғысы келетінін хабарланған. Екі футболшы да жоғарыда айтылған сипатқа дәл келеді.

Ла Лиганың 12 тур қорытындысы бойынша каталондық команда 14 ұпаймен оныншы келеді, бірінші орында 26 баллмен "Атлетико".