"Барселона" Коутиньоны 120 миллионға сатып алу құқымен жалға берді

Сурет: "Бавария" ФК
Жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньо "Барселонадан" жалға алу құқымен "Бавария" сапына өтті, - деп хабарлайды испаниялық клубтың ресми сайты. 

Жалға алу келісімшарты бір жылға есептелген, құны 8,5 миллион еуро.

Егер мюнхендік клуб 27 жастағы хавбекті сатып алғысы келсе, трансфер құны 120 миллион еуроға көтеріледі.

Bild басылымының жазыуынша, Коутиньонің өзі "Баварияда" бір маусымда 12 миллион еуро табыс көреді.

Коутиньо "Барселонаға" былтыр қаңтарда "Ливерпульден" ауысқан болатын. Каталондықтар футолшы трансферіне 145 миллионо еуро төлеген. "Барса" сапында ойыншы 76 мачтке қатысып, 21 гол салды және 11 нәтижелі пас берді. Хавбектің "Барселонамен" келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген.