Футбол
Бүгін 12:56

"Барселона" көшбасшысы келесі маусымға клуб таңдап қойды

©"Барселона" ФК

Сауд Арабиясы клубтарының қызығушылық танытып отырған каталондық "Барселона" клубының бразилиялық вингері Рафинья Диас өз болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сауд Арабиясы ма, әлде "Барселона" ма?

Marca басылымының мәліметінше, 29 жастағы футболшы клуб ауыстыруды ойлап отырған жоқ және кемі келесі маусымды "көк-анарлылар" сапында өткізуді жоспарлап отыр. "Барселона" басшылығы ойыншының ұстанымынан хабардар, бірақ, әзірге нақты ұсыныстар түспейінше бұл мәселеге қатысты шешім қабылдауға асықпайды.

Статистикасы мен мансабы

Биылғы маусымда Рафинья 31 матч өткізіп, 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын шамамен 80 миллион еуроға бағалап отыр.

Бразилиялық футболшы "Барселона" сапында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Ол клубқа "Лидс Юнайтедтен" 58 миллион еуроға ауысқан. Бұған дейін Рафинья "Ренн", "Спортинг" және "Витория Гимарайнш" командаларында өнер көрсеткен.

Бұған дейін ағылшынның бір топ-клубы Рафиньяны сатып алу үшін 120 миллион еуро төлеуге дайын екені хабарланған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport