Футбол
27 қыркүйек 2022 17:17
 

"Барселона" қорғаушысы әлем чемпионатына қатыса алмайды

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" қорғаушысы әлем чемпионатына қатыса алмайды ©"Барселона" ФК

"Барселона" командасы Уругвай құрамасының қорғаушысы Рональд Арауха операция жасататынын растады. Осылайша, ол 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

"Барселона" командасы Уругвай құрамасының қорғаушысы Рональд Арауха операция жасататынын растады. Осылайша, ол 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

23 жастағы қорғаушы 28 қыркүйек күні Финляндияда операция жасатады. 

Араухо жарақатты Уругвай пен Иран (0:1) құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде алды. Ол оң аяғын сындырып алған. 

"Барселона" командасы қорғаушының қатарға қашан оралатынын нақты айтпады. Бірақ инсайдерлер уругвайлық футболшы қатарға тек 3 айдан кейін қосылатынын хабарлады. 

Осылайша, Арауха 2022 жылдың 20 қарашасында басталатын әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы мүмкін. 

Еске салайық, әлем чемпионатында Уругвай құрамасы Н тобында Португалия, Оңтүстік Корея және Гана құрамаларына қарсы ойнайды. 

Ал әлем чемпионаты 20 қарашада басталып, 18 қыркүйек күні мәресіне жетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!