1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
28 қазан 19:39
 

"Барселона" клубына жемқорлық ісі бойынша айып тағылды

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" клубына жемқорлық ісі бойынша айып тағылды ©Depositphotos.com/natursports

Атышулы «Негрейра ісі» жаңа қарқын алуда. One Football мәліметінше, «Барселонаға» ресми түрде сыбайлас жемқорлық айыбы тағылды. Енді клуб бұл іс бойынша заңды тұлға ретінде тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Атышулы «Негрейра ісі» жаңа қарқын алуда. One Football мәліметінше, «Барселонаға» ресми түрде сыбайлас жемқорлық айыбы тағылды. Енді клуб бұл іс бойынша заңды тұлға ретінде тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сот каталондықтардың вице-президенті Елена Фортты куәлік беру үшін шақырды. Ол 2026 жылдың 27 қаңтарында жауап береді деп жоспарлануда.

Еске салайық, тергеу ісі Испания төрешілер комитетінің бұрынғы вице-президенті Хосе Мария Энрикес Негрейраға аударылған қаржы төңірегінде жүргізілуде. Тергеу деректері бойынша, «Барселона» шамамен 7,2 миллион еуро төлеген. Ресми түрде бұл қаражат төрешілікке қатысты кеңес беру қызметтері үшін деп көрсетілген.

Алайда тергеушілер бұл төлемдердің төрешілерге ықпал ету әрекеті болуы мүмкін деп жорамалдайды. Ал клуб басшылығы өз кезегінде, бұл ақша тек төрешілердің жұмысына арналған аналитикалық есептер үшін төленген деп мәлімдеп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!