"Эспаньол" командасының қақпашысы Жоан Гарсия мансабын "Барселонада" жалғастырады. Қос тарап ресми келісімге келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Каталондық клуб қақпашы үшін 25 миллин еуро төлейді. Ал голкипердің өзімен 2031 жылға дейін келісімшартқа қол қояды.
"Барса" мен "Эспаньол" бір қаланың командалары. Бәсекелес саналатын ұжымдар арасында трансфер көп бола бермейді.
Жоан Гарсия өткен маусымда 38 матчқа қатысып, 51 гол өткізген. 8 ойында қақпасына гол соқтырмаған.