"Барселона" Килиан Мбаппені сатып алмақшы

©L’Equipe

Каталониялық "Барселона" франциялық ПСЖ командасының шабуылшысы Килиан Мбаппені сатып алуға ниетті. Бұл туралы L’Equipe порталы хабарлайды. 

Шабуылшының өзі ұсыныстан бас тартпаған. Ол ойлануға уақыт алған. Бірінші кезекте 23 жастағы шабуылшы клубтың қалай дамитынын анықтап алғысы келеді. Дегенмен де оның басты мақсаты - "Реалға" ауысу деп жазады дереккөз. 

Ал "Барселона" басшылары болса Мбаппенің трансфері дортмундық "Боруссия" шабуылшы Эрлинг Холандпен салыстырғанда әлдеқайда арзан деп отыр. Сол себепті де олар алдағы күндері нақты ұсыныс жасайды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport