"Барселона" қазақстандық футболшының командаласына көз тігіп отыр

Сурет: ЦСКА ФК
Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсететін мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Никола Влашич карьерасын "Барселонада" жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды 24 Hara.

Мәлімет бойынша, 22 жастағы хорват каталондық клубтың жаңа бапкері Рональд Куманды қызықтырып отыр. Голландиялық маман англиялық "Эвертонды" жаттықтырғанда Влашичпен жұмыс істеген екен. 

Дегенмен футболшының трансфері 35 миллион еуро болатындықтан бұл келіссөздерді қиындатуы мүмкін.

Влашич ЦСКА сапында 2018 жылдан ойнап келеді. Өткен маусымда ол РПЛ-дің 29 матчіне қатысып, 12 гол салды және бес нәтижелі пас берді. Оның мәскеулік клубпен келісімшарты 2024 жылға дейін есептелген.