"Барселона" капитаны клубтан кетеді

11 қыркүйек 2022 15:48
©Барселона ФК

"Барселона" капитаны Серхио Бускетс болашағына қатысты клуб президенті Жоан Лапортамен сөйлесті, деп жазады El Nacional басылымы.

Белгілі болғандай 34 жастағы ойыншы келесі жылдың жазында каталондық командадан кетіп, МЛС лигасына ауысады.

Бускетс "блауграна" сапында 2008 жылдан бері өнер көрсетеді. Футболшының келісімшарты 2023 жылы аяқталады. Ол "Барселонамен" Испания біріншілігін 8 рет жеңді. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының кубогін 3 рет иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport