Футбол
22 қаңтар 11:23

"Барселона" капитанның кетуіне байланысты жаңасын таңдады

© instagram.com/mterstegen1

Каталониялық «Барселонаның» капитаны Марк-Андре тер Штеген «Жиронаға» жалға берілді, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалға беру туралы келісім 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Ал тер Штегеннің «Барселонамен» жасалған негізгі келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды.

"Бүгін осы маусымда «Барселонадағы» командаластарыммен және клуб қызметкерлерімен өткізетін соңғы күнім. Ішімде аралас сезімдер бар. Қазір санамнан қаншама естелік пен эмоция өтіп жатыр. Бұл клуб - мен үшін шамамен 12 жыл бойы футболшы әрі тұлға ретінде өскен ортам, өмірімдегі ең ұмытылмас сәттер осы жерде өтті. Киім ауыстыратын бөлмедегі жігіттерге бірге өткізген жылдар, күнделікті өмір, күлкі, күрес пен өзара құрмет үшін алғыс айтамын. Капитандық таңғышты тағу - мен үшін зор мәртебе, ол әрдайым менімен бірге қалады", - деп жазды тер Штеген X әлеуметтік желісінде.

Тер Штеген 2014 жылдан бері «Барселона» сапында өнер көрсетіп келеді. Алайда биылғы маусымда неміс қақпашысы бар болғаны бір матчта ғана алаңға шықты.

Оның кетуінен кейін «көк-анарлылардың» жаңа капитаны маусымның қалған бөлігінде орталық қорғаушы Рональд Араухо болады. Уругвайлық футболшы биылғы маусымда 16 матч өткізіп, екі гол соқты.


Қазіргі таңда 33 жастағы тер Штеген «Барселонаға» 2014 жылдың жазында мёнхенгладбахтық «Боруссиядан» ауысты. Каталондық клуб сапында ол: 6 рет Испания чемпионы, 6 рет Испания Кубогының, 4 рет Испания Суперкубогының иегері атанды, сондай-ақ Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Германия құрамасының қақпашысы ретінде ол 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазіргі таңда «Жирона» Испания чемпионатының турнир кестесінде 20 турдан кейін 24 ұпаймен 11-орында тұр. Ал 49 ұпай жинаған «Барселона» көш бастап келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport