Сонымен бірге, "Атыраумен" келісімшартқа қол қоғайндар арасында Дәурен Қайралиев, Рафаиль Оспанов, Айболат Макуов, Ринат Жұматов пен Әділбек Жұмаханов бар.
Онымен қоса, "Атырау" жалға берген Наурызбек Жагоров ("Ақжайықта" ойнады) және Аманжол Ерасылды ("Кызыл-Жар СК") қайтарды. Барлық келісімшарт 2020 жылдың маусым соңына дейін.
Гжельчак үшін "Атырау" грециялық "Платаниастан" кейінгі екінші шетелдік клуб. 31 жастағы форвард отанында "Гурник Ленчна", "Ягеллония", "Легия", "Полония Варшава" және "Видзев" сапында ойнаған.
Гжельчак карьерасындағы ең атақты гол "Барселона" қақпасына салды - 2013 жылы 50-ші минутта "Легияны" жолдастық кездесуде алға шығарды, алайда, Лионель Месси 57-ші минутта есепті теңестірді - 2:2.