"Барселонаның" бас бапкері Ханси-Дитер Флик пен Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти каталондық клуб шабуылшысы Рафиньяға ойын жүктемесін бөлу мәселесіне байланысты қайшылық туып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Флик Анчелоттидің Рафиньяға көзқарасына наразы
Журналист Хуан Хесустың мәліметінше, "Барселона" Рафиньяны Бразилия құрамасында былтыр тым көп ойнатқанына наразы.
Фликтің пікірінше, шамадан тыс жүктеме мен ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы қабылдаған шешімдер Рафиньяның физикалық жағдайына кері әсер етіп, оған клубтық деңгейде оңтайлы ойын ырғағын сақтауға кедергі келтірген.
Неміс маманын футболшыларды бөле-жаруы ерекше таңғалдырады. Дереккөздің хабарлауынша, Флик Анчелотти Винисиус Жуниор мен Родригоға ара-тұра демалыс бергенімен, Рафиньяға мұндай сирек берілгенін түсінбейді.
Анчелотти Рафиньяға қатысты тәсілін өзгертпек емес
Анчелотти өз кезегінде ұстанымын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ. Итальялық маман "Барселонаның" бас бапкері Бразилия құрамасының жаттықтырушылар штабы қабылдайтын шешімдерге араласпауы керек деп санайды.
Анчелотти үшін Рафинья ұлттық құраманың негізгі футболшыларының бірі болып қала береді. Сондықтан ол вингерді барынша көп ойнатуды жоспарлап отыр.
Туындаған пікір қайшылығынан кейін Флик халықаралық үзіліс алдында Рафиньяның ойын жүктемесін өзі бақылауға шешім қабылдады. Неміс маманы "Барселонаның" алдағы матчтарында бразилиялық футболшының алаңдағы уақытын мұқият үйлестіруді көздеп отыр. Осылайша футболшы ұлттық құрамаға шаршамай және жарақат алу қаупін барынша азайтуы тиіс.
Айта кетейік, бразилиялық футболшы 2022 жылдан бері каталондық клубта өнер көрсетеді. Ол командаға "Лидс Юнайтедтен" 58 миллион еуроға ауысқан. Осы уақыт ішінде Рафинья "Барселонаның" негізгі футболшыларының біріне айналып, команда капитаны атанды. Осы маусымда бразилиялық алты матч өткізіп, сегіз гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
Transfermarkt бағалауынша, Рафиньяның нарықтағы құны 70 миллион еуроны құрайды.
Жарнама