Футбол
Бүгін 13:01

"Барселона" жүлдесі ең көп клубты ұтты

©"Барселона" ФК

Каталондық "Барселона" жаңа маусым алдында өткен Жоан Гампер кубогы аясында өткен жолдастық матчта мысырлық "Әл-Ахлиді"  ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Барса" бірінші таймда жеңіске жетті

Кездесу Барселонадағы "Спотифай Камп Ноу" стадионында өтіп, "көк-анарлылардың" жеңісімен аяқталды - 2:1.

Матчтың 30-минутында каталондықтардың шабуылшысы Хамза Абделькарим есеп ашты. Ал 44-минутта Рафинья пенальтиді дәл орындап, "Барселонаның" басымдығын еселеді.

Екінші таймның 51-минутында "Әл-Ахли" жартылай қорғаушысы Зизо бір гол соғып, өз командасының есеп айырмасын қысқартты.

Матч соңына қарай "Барселона" үшінші голын соғуға мүмкіндік алды. Энтони Гордонға қарсы ереже бұзылғаннан кейін каталондықтарға екінші пенальтиге рұқсат берілді. Алайда зардап шеккен ағылшын футболшысы 11 метрлік айып добын голға жеткізе алмады - "Әл-Ахли" қақпашысы оның соққысын қайтарды.

Жоан Гампер кубогы деген не?

Бұл жыл сайын "Барселона" ұйымдастыратын жолдастық турнир. Ол алғаш рет 1966 жылы каталондық клуб президенті Энрике Льоденің бастамасымен өткізілген. Трофей "Барселонаның" негізін қалаушы әрі аты аңызға айналған президенті Жоан Гампердің құрметіне аталған.

"Барселона" бұл жүлдені 48-рет жеңіп алды. Өткен жылы да "көк-анарлылар" Жоан Гампер кубогы үшін матчте "Комоны" 5:0 есебімен ойсырата жеңген.

"Барселонаның" келесі матчы ресми сипатта болады. Каталондық клуб Испания чемпионатының бірінші турында сырт алаңда "Эльчеге" қарсы ойнайды. Командалар жексенбі, 23 тамызда кездеседі.

"Әл-Ахли" туралы

"Әл-Ахли" - Африкадағы және әлемдегі ең көп жүлде жеңіп алған футбол клубтарының бірі. Мысырлық команда футбол тарихындағы ең көп құрлықтық титулға ие клуб саналады - 25 трофей. Сонымен қатар клуб КАФ Чемпиондар лигасын 12 рет жеңіп алған.
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport